Ертең Еуропа лигасы аясында елордада «Астана» мен Сербияның «Партизан» клубтары кездеседі. Осы ойынның алдында өткен баспасөз мәжілісінде «Партизан» жартылай қорғаушысы Зоран Тошич тілшілердің сауалына жауап берді.
- «Бізді өте мықты қарсылас күтіп тұр деп ойлаймын. «Астана» өз алаңында жақсы ойнайды. Біздің команда бұл ойынға сақадай-сай. Сондықтан жақсы нәтижеге қол жеткізетінімізге сенімдімін».
- «Манчестер Юнайтедті» қоспағанда топтағы қалған үш команданың деңгейі бірдей дегенге келісесіз бе?
- МЮ - топтың фавориті. Бірақ «Астананың» ойынына қарасаң, олар негізінен бар күшті ішкі чемпионатқа салып жатқан сияқты. Енді ертең көп нәрсе шешіледі.
- «Астана» үшін жасанды алаң басымдық береді ме?
- Табиғи және жасанды алаңның айырмашылығы көп емес. Бізге бәрі түсінікті. Бір ай бұрын «Мольде» командасымен Норвегияда жасанды алаңда ойнағанбыз.
- «Астананы» ресейлік командалармен салыстыра аласыз ба?
- Командаға келер болсақ, әрі ресейлік ұжымдармен салыстырсақ, олар жауапкершілік тұрғысынан өте ұқсас. «Астана» - өте ұйымшыл команда.
Комментарии