Қостанайлық «Тобылдың» қақпашысы Эмиль Балаев Әзірбайжан құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Балаев құрамасымен бірге Еуро-2020 іріктеу ойындарына қатысады.

Әзірбайжан құрамасы 9 қазанда Бахрейнмен жолдастық кездесу өткізеді. Ал 13 қазанда Венгрияға қарсы іріктеу кезеңінің кезекті матчын өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа-2020 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Кипр және Бельгия құрамаларын қабылдайды.

«Тобылдың» қақпашысы таңқалдырды