«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір рекордты бағындырды.

Португалиялық футболшы Чемпиондар лигасындағы жеңісті матчтар бойынша рекорд орнатты. Өзі қатысқан 102 ойында Роналду командасымен бірге жеңіске жеткен.

Еске сала кетейік, бүгін түнде «Ювентус» Чемпиондар лигасы 2-ші тур аясында өз алаңында «Байерді» 3:0 есебімен ұтты. Роналду бір мәрте мергендігімен көзге түсті.