Қазақстандық Евгений Гидич "Хорватия турының" бірінші кезеңінде жүлдеге ілікті.

Осиек пен Липик арасын жалғаған жарыс жолындағы жеңімпаз фотофиниш арқылы анықталды.

Төрешілер шешімімен «Астана» велошабандозы Евгений Гидич екінші орынға ие болды. Ал словениялық Марко Кумп алғашқы кезеңнің ғана емес, жалпы есептегі көшбасшылық тізгінді қолға алды. Үздік үштікті румыниялық Эдуард Гросу тұйықтап тұр.