Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жаңа маусымды бастауға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы қызымыз Қытайда өтетін Shanghai Trophy 2019 турнирінде бақ сынауға дайындалып жатыр. Қысқа бағдарлама ертең, 3 қазанға жоспарланған. 4 қазан күні еркін бағдарлама өтеді.

Еске салайық, Элизабет бір ай бұрын жаттығуда алған жарақатынан жақында айықты.

Тұрсынбаева осы жылдың наурыз айында Жапонияда өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген еді.