17-жасар алматылық бұрымды қыз юбовь Андреева «Формула-1» жарысына қатысуы мүмкін.

Президенттік Кәсіпқой спорт клубымен келісімшартқа отырған автошабандоз «Астана» атынан өнер көрсетеді. Келер жылы «Формула-3» сериясының халықаралық жарыстарында 17 жасар Алматы қаласының тұрғыны Любовь Андреева қазақтың көк байрағын көтеріп шықпақшы. 

«Автоспортқа кішкентайымнан қызыға бастадым. Ал 9 жасымнан бастап кәсіби түрде айналысуға бел будым. Меніңше автожарыста спортшылар ер әйел деп бөлінбеуі тиіс. Себебі мен ерлер арасында да өнер көрсетіп сан мәрте жеңімпаз атанғанмын. Мұнда ең бастысы – жеке шеберлікті көрсете білу», - дейді жас автошабандоз.

Айта кетер жайт, Любовь Андреева картингтен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Орталық Азия мен Ресейде өткен байрақты бәсекелерде жеңімпаз атанған. Алдағы жылдан бастап жерлесіміз желмен жарысқан формуладағы ең жүйрік шабандоздардың қатарына қосылмақшы.