Қазақстандық велокоманда «Astana Pro Team» италиялық шабандоз Андреа Гуардинимен арадағы келісімшарты ұзартты, деп хабарлайды елордалық клубтың ресми сайты.

Андреа Гуардини биылғы маусымда «Тур де Лангкави» турнирінің үшінші және оныншы кезеңін, «Дания Туры» турнирінің екінші және төртінші кезеңін сондай-ақ, «Энеко Тур» турнирінің бірінші кезеңінің жеңімпазы атанған. Жуырда Андреа Гуардини өзінің карьерасындағы алғашқы ірі турнирі «Вуэльта» көпкүндігіне қатысқан болатын.