8 қазан күні Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда әйелдер арасындағы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Франция құрамалары кездесу өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Аталмыш матчтың бейнеролигі Қазақстан футбол федерациясының Youtube желісіндегі арнасында пайда болды. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21.00-де басталады.

Айта кетелік, Қазақстан әйелдер құрамасы 2 қазан күні сырт алаңда Солтүстік Македониямен ойнайды.

Еске сала кетелік, Қазақстан G тобының турнир кестесінде 1 ойыннан кейін соңғы орында тұр. Қыздарымыз 1 қыркүйек күні өз алаңында Сербиядан 0:3 есебімен ұтылып қалған болатын.