Қазақстандық арбитерлер алқасы Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі швейцариялық «Янг Бойз» бен словакиялық «Слован» арасындағы кездесуде төрелік етеді.

18 қыркүйек күні сағат 01:05-те Берн қаласындағы «Стад те Суисс» стадионында өтетін кездесуде Артем Кучин, Евгений Бельский, Анатолий Ходин мен қосалқы төреші Сергей Васютин қазылық жасайды.

Бір айта кетерлігі, қазақстандық төрешілер Еуропа додасында тұңғыш рет қызмет етпек.