Қазақстандық маманның пікірінше ел чемпионы «Ақтөбе» бұрынғы бапкер Владимир Никитенконың кезіндегідей ойын өрнегін көрсетуде.

«Ел чемпиондары Қарағандыдан тек бір ғана ұпаймен оралады деп ойламаптым. «Ақтөбе» «кеншілерден» басым түседі деп болжап едім. Сайып келгенде, Газзаев команда ойынына жаңа толқын әкелген жоқ. Ақтөбеліктер әлі де бұрынғы жаттықтырушы Никитенко кезіндегідей ойын өрнегін көрсетіп жүр. Мұндай ойынмен «Ақтөбе» «Қайрат» пен «Астана» сияқты топ-клубтармен чемпиондыққа таласа алмайды», - деді, Юсуп Шәдиев.

Айта кетейік, ҚПЛ-дың 25-ші турында «Ақтөбе» мен «Шахтер» арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды.