Аңыз рестлер Дуэйн Скала Джонсон араға үш жыл салып, WWE шоуына қайта оралады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы ол өзінің твиттер-парақшасында мәлім етті.

Джонсон соңғы жекпе-жегін 2016 жылы өткізіп, қарсыласын 6 секундта ұтып, Рестлмания рекордына енген болатын. 47 жастағы актер «Форсаж» фильмінің соңғы бөлімдерінде түсті.