Қазақстандық төрешілер тобы жасөспірімдер арасындағы УЕФА лигасы аясындағы матчқа төрелік етеді.

«Генк» U19 (Бельгия) - «Наполи» U19 (Италия) арасындағы бірінші ойынға Данияр Сахи бастаған төрешілер қазылық етеді. Оған қос қапталдан Айдын Тасыбаев пен Юрий Тихонюк көмектеседі.

Айта кетейік, бұл матч 2 қазанда Генк қаласында өтеді.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық төрешілер тобы АПОЭЛ (Кипр) — «Габала» (Әзірбайжан) кездесуіне төрелік ететінін жазған едік.