Еуропа лигасы топтық кезеңі аясында өтетін «Астана» - «Партизан» матчына швециялық төрешілер қызмет атқарады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойында бас қазының қызметін Мохаммед аль-Хаким атқарады. Оған қос қаптадан отандастары Фредрик Клювер мен Махбод Беиджи көмектеседі. Ал төртінші төреші — Мартин Стрембергссон.

Айта кетейік, матч 3 қазанда Нұр-Сұлтандағы «Астана Аренада» жергілікті уақыт 20:50-де басталады.