Бүгін, 30 қыркүйекте «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті матчын өз алаңында өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық команданың бүгінгі қарсыласы қытайлық «Куньлунь Ред Стар».

Андрея Скабелка шәкірттері биыл жаңа маусымды сәтті бастай алмағанымен, соңғы турларды нәтижесі көңіл көншітерлік.

«Барыс» биыл үшінші турда ҚХЛ аутсайдерлерінің бірі «Куньлунь Ред Стардан» 1:0 есебімен жеңілді. Бірақ араға бір күн салып осы команданы 2:3 есебімен жеңген еді. Ал бүгін жаңа маусымда үшінші мәрте кездескелі отыр.

«Барыс» – «Куньлунь Ред Стар» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:20-да басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.