Кеше «Локомотивтің» президенті Ольга Смородскаямен кездесіп, команданың бас бапкері Леонид Кучук орнынан кетті.

2015 жылы бітетін келісім-шартты бұзғаны үшін «Локомотив» 2 миллион еуро бермек. Енді бас бапкердің міндетін Игорь Черевченко атқарады.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, «Локоның» бас бапкері міндетіне Миодраг Божовичтен бөлек, Құрбан Бердыев, Лучано Спалетти және Роберто Манчини тағайындалуы мүмкін.