Қазақстандықтар алты медальмен оралды, деп хабарлайды allboxing.ru.

93 келіге дейін салмақ бойынша Мурад Абдурахманов сайыстың чемпионы атанды.

Күміс жүлделерді Рашид Дагаев (70.3 келіге дейін), Шавкат Рахмонов (77.1 келіге дейін), Дәурен Ермеков (84 келіге дейін) және Мохмад Салиман (93 келіден жоғары) жеңіп алды.

Ал қола медаль Сергей Морозовтың (65.8 келіге дейін) еншісіне бұйырды.

Жалпыкомандалық есепте Ресей бірінші орын алса, біздің жігіттер екінші сатыға тұрақтады. Ал үздік үштікті Әзірбайжан мен Украина құрамалары түйіндеп тұр.