28 қыркүйекте Копенгагенде UFC Fight Night 160 турнирінде өзбекстандық Махмуд Мурадов промоушенде сәтті өнер көрсетті.

Мурадов италиялық файтер Алессио де Кириконы төрешілер шешімімен жеңді. Барлық төрешілер жеңісті өзбек жігітіне берді: 29-28, 29-28, 29-28.

Өзбек спортшысы Мейвезердің промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған бірінші файтер.