Жером Шампань ФИФА басшысы қызметіне өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс».

Дереккөздің мәлімдеуінше, ФИФА-ның бұрынғы хатшысы Жером Шампань халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының президенті қызметі үшін Йозеф Блаттермен күреспекші. Шенеунік өз кандидатурасын ұсынған хатты федерация басшыларына жіберіп қойды. 

Естеріңізге сала кетсек, Йозеф Блаттер 1998 жылдан бері ФИФА президенті қызметін атқаруда.