Елордалық «Барыстың» түлегі Глеб Шляйгер америкалық «Огден Мустангс» командасының сапына ауысты.

Глеб Шляйгердің жаңа командасы Батыс штаттарының хоккей лигасында бақ сынайды.

17 жасар шабуылшы «Барыстың» балалар-жасөспірімдер мектебінде дайындалған. Өткен маусымда Қазақстан жастар лигасында ойнады.