Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Қазақстаннан демеушілері жоқ екенін мәлімдеді.

«Менің тұрақты демеушілерім жоқ. Бәрі мен Олимпиада чемпионы болғандықтан көмектесетін ағаларым бар деп ойлайды, бірақ олай емес... Кәсіпқой бокста менеджерлерім мен промоутерлерімнен басқа ешкім көмектеспейді. Олардың бәрі шетелдіктер. Бірақ маған сенеді. Құдай бұйыртса, олардың сенімін ақтаймын. Алдағы уақытта Қазақстанда мені қолдайтын біреулер бар деп жазудың қажеті жоқ. Өйткені олар жоқ», - деп жазды Данияр Елеусінов Instagram желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның төртеуін уақытынан бұрын аяқтады.