Қазақстандық теннисші Сарвиноз Миркадирова ITTF World Junior Circuit халықаралық турнирінде қарсылас шақ келтірмеді.

Финалға дейін Сарвиноз Миркадирова Ресей (3:1), Сербия (3:0), Бразилия (3:1), Ресей (3:0), Бразилия (3:0) спортшыларын жеңді.

Ақтық кездесуде Сарвиноз қарсыласы Светлана Дмитриенконы 3:2 есебімен ұтты.