Кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізген Аман Қазанғапов (1-0-1, 0КО) BoxRex порталында өз рейтингісін жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.⠀21 жастағы боксшы Канаданың Монреаль қаласында өткен кеште шаршы алаңға шықты. Қазанғапов мекскалық Хесус Арриагимен (2-1, 1 КО) қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бұл жеңісі Аманға Boxrec порталында орта салмақта 1130-орыннан 480-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.