Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Мамаев қазақстандық футболшы Бактиер Зайнутдиновтің әріптесі атанды.

31 жастағы футболшы Ресей Премьер-Лигасында бақ сынайтын "Ростов" командасымен келісімшартқа отырды. Келісімшарттың мерзімі екі жылға жасалған.

Дегенмен түрмеде отырып шыққан футболшы жаңа командасының сапында тек көктемнен бастап өнер көрсете алады.