Қазақстан құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов Ресей Премьер-Лигасында «Ростовтың» сапында гол соқты.

Мәскеулік «Динамоға» қарсы матчта көзге түскеннен соң қазақстандық футболшы пікір білдірді: «Құдайға шүкір. «Ростов» жеңісіңмен, жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс айтамын», - деп жазды Бактиер Зайнутдинов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Бактиер Зайнутдинов төрт ай жарақатынан емделіп, бүгін алаңға алғаш рет шыққан болатын.