Қазақстан құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов биылғы маусымда ресейлік «Ростовтың» сапындағы алғашқы голын соқты.

Мәскеулік «Динамоға» қарсы матчта Бактиер Зайнутдинов 81-ші минутта алаңға шығып, бар болғаны бір минуттан соң көзге түсті.