Бірінші лиганың 22-ші тур ойындары өтті, деп жазады Prosports.kz.

Маусымның аяқталуына бар болғаны төрт тур ғана қалды. Қазіргі таңда ақтаулық «Каспий» көш бастап келеді. Екінші орында «Қызыл-Жар» жайғасқан.

Ал үшінші орында тұрған «Алтай» маусымды керемет бастаған еді. Алғашқы 11 тур бойы жеңілмеген өскемендік клуб соңғы турларда жиі ұпай жоғалтып, үшінші сатыға дейін сырғыды. Төртінші орындағы «Ақжайқтан» екі ұпай ғана алда тұр.

Бірінші лига. 22 тур.

«Ақтөбе-Жас» - «Каспий» 0:4 (0:3)

Гол соққандар: Тәттібаев Айдос 20, 23, 39; Воротников Илья 60.

«Қызыл-Жар» - «Мақтаарал» - 3:0

Гол соққандар: Максим Драченко 63, 82 Момоду Сисей 70

«Ақжайық» - «Алтай» - 1:0

«Екібастұз» - «Жетісу Б» 1:1 (1:0)

Гол соққандар: Әділ Аслан 19; Бралин Айдын 75.

«Қыран» - «Шахтер Болат» 3:0 (1:0)

Гол соққандар: Рахматуллаев Алибобо 28 (1:0), Әміров Темірлан 49 (2:0), Набиев Абдулла 83 (3:0).

«Астана М» — «Академия Оңтүстік» 1:0 (1:0)

Гол: Владислав Прокопенко 41 (1:0).

«Қайрат-Жастар» - «Байқоңыр» - 3:3