Италиялық «Миланның» бұрынғы бас бапкері Дженнаро Гаттузо «россонериді» қайта жаттықтыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

2019 жылдың жазында Гаттузо миландық клубтан кетіп қалған болатын. Оның орнына Марко Джампаоло келді.

Гаттузоны «Шанхай Шеньхуа», «Нант» , америкалық «Интер Майами», «Лацио» және ресейлік клубтарға барады деген сыбыстар да өріп жүр.