Еңбегі сіңген бапкер Павел Черепанов «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында отандық командалардың еурододағы нәтижелерін талдап өтті.

- Павел Петрович, «Қайраттың» әр матчында сіз дәптеріңізге бірдеңе түртіп отырасыз, бұл не жазбалар?

- Тек қана «Қайраттың» матчында емес, қалған командалардың ойындарында жазу жазамын. Кәсіби әдетке айналып кетті. Қазіргі таңда, теледидар арқылы өткен ойындарды тамашалауға болады. Соның арқасында еуродадаға қатысқан қазақстандық командалардың шабуылдағы ойындарына баға беремін.

- Қанша ойынды тамашалап талдадыңыз?

- Шабуылдағы ойынды талдау әдісін кеңес заманындағы ғылым-педадогигалық инстутының профессоры, КСРО футбол федерациясыны мүшесі М.А. Годик ойлап тапқан болатын. Бұл әдіс арқылы 600-ден астам Ресей премьер-лигасының ойындары, 1982-ші жылдан бергі әлем чемпионатының кездесулері, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ойындары, сонымен қатар Қазақстан премьер-лигасының матчары талданған.

- Зерттеудің нәтижелері құпия боп қалды ма?

- Ешқандай құпия емес. Осы бір талдау әдісін әріптестеріме де үйреткенмін. Ойын барысында қанша пас берілгенін жөнінде статистиска жүргіземін және т.б.

- Дегенмен, көптеген қазақстандық командалар бұл статистиканы компьютер арқылы алады, сондай-ақ бұқаралық құралдар әр матчтың статистикасын жазады. Сіздің статистикаңызды ерекшілігі неде?

- Біріншіден, иә, статистиканы алу үшін көптеген командалар және ұлттық құрамамыз арнайы фирмаларға жүгінеді. Екіншіден, көптеген сарапшылар стадиондарға камера мен компьютерлерді орнатсаң болды деп айтып жатады. Демек, адамның көмегінсіз, компьютер бәрін өзі есептейді. Бұл үлкен қателік. Өйткені компьютер әр ойыншының текникалық-тактикалық қимылдарын ажырата алмайды. Компьютер тек қана жалпы көріністі зерттеп береді. Үшіншіден, фирмалар түрлі-түрлі статистикаларды береді. Сонымен қатар, бұл көптеген статистискалар жалпы команданың техникалық-тактикалық деңгейін көрсете алмайды. Төртіншіден, оператордың жұмысына жылына 40-60 мың доллар кетеді. Қазақстандық командалардың көбі ондай ақша төлеуге дайын емес.

- Демек, әдісіңіздің ерекшелігі сонда неде?

- Ең алдымен, футболды зерттеу үшін неден бастауымыз керек деген сұрақ туындайды. Шабуылдау стилі - заман футболының қасіретіне айналды. Біздің ең басты мақсатымыз осы шабуыл стилін зерттеп, керекті мәлеметтер жинап, нәтижелерін жинақтай отырып қолданыс аясына енгізу.

Квалиметрия әдісін қолдана отырып біз шабуыл стиліне баға бере аламыз. Квалиметрияға сай оны басымдық ерекшілігі мен басым нәтижеге бөлеміз.

Футболдағы басым әрекет – бұл берілетін пастар. Технико-тактикалық қимылдың 65-70% пайызын құрайтын пастар.

Барлық пастардың шамамен 500-ге жуық екіге бөлеміз – артқа берілетін және алдыға. Алдыға берілетін пастарды (ПАВП) деп белгіледік: оның ішінде дәл бағытта берілген пастарды санап, оның мөлшерін және орташа коэффициентін шығарымыз.

Әр спорт түрінде жылдамдық үлкен рөл атқарады. Футболшылар неғұрлым тез ойланып шешім қабылдап, жылдамдығы жоғары болса, соғұрлым нәтижелері жақсы болады.

Голдардың саны шабуыл стилінің жылдамдығына байланысты. Өзара байланыс коэффициенті - 75%. Шабуыл стилінің жылдамдығы жоғары команда міндетті түрде жеңіске жетеді. Жалпы турнир барысында орташа шабуылдау жылдамдығы жоғары команда 99% чемпион атанады.

Жалпы шабуыл стиліне баға беру үшін біз еуропаның ең мықты командалары «Барселона», «Реал», «МЮ», «Бавария» секілді командалардың орташа жылдамдығын аламыз. Чемпиондар Лигасындағы жылдамдықтықтың коэффициенті - 10.0. Ресейде - 8.0, қазақстандық командаларға - 7.0. Қазақстанның чемпионы атану үшін әр ойында шабуылға 50+-2 пас беріліп жатса жетеді. Солардың 25+-2 дәл берілу керек. Бұның жалпы коэффициенті - 6.25. құрайды.

Мысалы, сізге түсінікті болу үшін Қазақстан Премьер-лигасындағы шабуылдың қималдарына 5-ұпайлық жүйеден баға беріп көрейік:

7.1-ден жоғары 5+ ұпай

6.6 – 7.0 5 ұпай,

6.5 – 6.0 4 ұпай,

5.9 – 5.5 3 ұпай,

5.4 – 5.0 2 ұпай,

4.9 – 4.5 1 ұпай

4.4 – ден төмен 0 ұпай

Бұл шкала арқылы «Шахтер», «Ақтөбе», «Стяуа», «Хайдук», «Легия», «Вильярреал» Қазақстан құрамасы, Тәжікстан құрамасы, «Қайрат» және басқа командалардың шабуылдағы қимылдың нәтижесін шығарып көрдік. Зерттеудің кестесі:

Мерзімі

Есеп

Команда

Барлығы ПАВП

Дәл

Қате %

Шабуыл. коэфиц.

Ұпаймен бағасы

Команда

Барлығы ПАВП

Дәл

Қате %

Шабуыл. коэффиц.

Ұпаймен бағасы

31.07

2:2

Ақтөбе

33

15

55

3.4

0

Стяуа

31

18

42

5.2

2

07.08

2:1

Ақтөбе

42

20

53

4.8

1

Стяуа

48

25

48

6.5

4

01.08

4:2

Шахтер

35

19

46

5.2

2

Хайдук

55

26

53

6.1

4

08.08

0:3

Шахтер

35

16

55

3.7

0

Хайдук

62

29

53

6.8

5

08.08

3:0

Астана

45

23

49

5.9

3

АИК

35

16

55

3.6

0

21.08

0:1

Ақтөбе

39

18

64

4.1

0

Легия

50

26

48

6.7

5

21.08

0:3

Астана

36

16

65

3.6

0

В - Реал

49

24

51

5.9

3

 

 

 

Қазақстан құрамасы.

Мерзім

Есеп

Команда

Барлығы ПАВП

Дәл

Қате %

Шабуыл. коэфиц.

Ұпаймен бағасы

Команда

Барлығы ПАВП

Дәл

Қате %

Шабуыл. коэффиц.

Ұпаймен бағасы

05.03

1:1

Қазақстан

47

19

59

3.8

0

Литва

32

17

46

4.5

0

12.08

2:1

Қазақстан

43

22

53

5.6

3

Тәжікстан

24

10

69

2.0

0

09.09

 

Қазақстан

60

23

62

4.4

0

Латвия

52

22

58

4.6

0

 

 

Жастар Қазақстан құрамасы

Мерзім

Есеп

Команда

Барлығы ПАВП

Дәл

Қате %

Шабуыл. коэфиц.

Оц. в баллах

Команда

Барлығы ПАВП

Дәл

Қате %

Шабуыл. коэффиц.

Ұпаймен бағасы

04.09

1:5

Казахстан

43

19

56

4.2

0

Франция

88

41

54

9.5

5+

 

 

 

ҚР чемпионаты мен Кубогы

Мерзім

Есеп

Команда

Барлығы ПАВП

Дәл

Қате %

Шабуыл. коэфиц.

Ұпаймен бағасы

Команда

Барлығы ПАВП

Дәл

Қате %

Шабуыл. коэффиц.

Ұпаймен бағасы

18.08

Кубок

2:0

Қайрат

66

30

65

6.8

5

Шахтер

35

15

68

3.2

0

30.08

6:1

Қайрат

70

33

53

7.8

5+

Шахтер

39

20

49

5.1

2

 

Кестеге сәйкес біздің командалар 7.0 коэффициентке жете алмады. Орташа шабуылдағы жылдамдық еуропалық командалардан кем.

Жалпы айтқанда – қазақстандық командалардың деңгейі еурокубоктардың 2-3 іріктеу кезеңінде ойнайтын командалармен бірдей. Біздің ойыншыларымыздың шеберлігі тек өз чемпионатымызға ғана жарайды. Ұлттық құрамамыз сол үшін әлсіз. Егерде шабуылдағы жылдамдық емес ойынға жігері мен талпыныс жайлы айтатын болсақ, онда бізге 5-деген баға беруге болады. Бірақ ұлттық құрамалардың барлығы жан-тәнімен беріліп ойнайды.

- Бұның бәрін көрген соң Қазақ футболы әлі де өсе қоймас екенін анықтауға болады.

- Бұл объективті көзқарас. Десек те, позитив фактілер бар. Бұл «Қайраттың» керемет ойыны. Егерде алматылықтар соңғы екі ойында көрсеткен өнерінен таймаса міндетті түрде ел чемпионы атанды. Себебі қалған қазақстандық командалардың көрсеткіші 5.5-5.6 коэффициенті құрап, әрең 3 ұпайға жетіп тұр.

Жалпы шабуылдағы жылдамдықтың төмен болуы біздің ойыншылардың техникалық дайындығында. Бұл мәселе тек қана жасөспірімдер командасында емес, сондай-ақ кәсіпқой футболшылар арасында бар.

Шабуыл жылдамдығы математика арқылы есептеледі. Бұл әдіс тек қана фактілермен жұмыс істейді. Егерде көрсеткіш жаман болып жатса, онда бапкерлер мен клуб басшылығы бұл мәселені шешу керек. Бұған себеп: ойыншылардың әлсіз физикалық дайындығы, керек емес футболшылардың шақыртылуы, дұрыс өткізілмеген оқу-жаттығу жиыны, тағысын тағы...

Ең бастысы жергілікті ойыншылар көп еңбектену керек. Неғұрлым жаттығуда көп терлесең соғұрлым жасыл алаңда жеңіл болады. Шабуылдағы ойынның жылдамдығын арттыру үшін, пас беру, жылдамдықты арттыруға байланысты көп жаттығулар жасау керек. Сонда ғана ойыншыларымыздың деңгейі өседі.