Аралас жекпе-жек шебері (ММА) Артем Лобов ресейлік Зубайра Тухуговпен тегін төбелесуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы MMA Junkie порталы мәлім етті.

«Бұл жекпе-жекті өткізгім келеді. Алайда ол UFC-мен келісімшартқа отырған. Мен аталмыш ұйымда жоқпын. Сондықтан да айқас ұйымдастыру қиынға түседі. Алайда мен UFC матчмейкері Шон Шелбиге Тухуговпен тегін төбелескім келетінін жеткіздім», — деді Лобов.

Айта кетейік, Артем Конор МакГрегордың спарринг әріптесі. Бұған дейін Тухугов Макгрегормен жұдырықтасқысы келетінін айтқан болатын.