Түркияның бірінші дивизонында «Каршияканың» намысын қорғап жүрген қазақстандық қақпашы Давид Лория кезекті матчта негізгі құрамда шығып, клубының жеңіске жетуіне көмектесті.

«Каршияканың» қарсыласы оңай шағылар жаңғақ болмады. «Элягызспор» - өткен маусымда Түркияның Суперлигасында ойнаған команда. Лорияның клубы чемпионаттың басында біраз сүрінген болатын. Алайда бұл кездесу 2:1 есебімен «Каршияканың» пайдасына шешілді. Давидтың тек пенальтиден гол жібергені болмаса, ойын бойы командасын бірнеше рет құтқарды.