Қазақстандық боксшы Аман Қазанғапов (0-0-1) кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

21 жастағы боксшы Канаданың Монреаль қаласында өткен кеште шаршы алаңға шықты. Аман Қазанғапов мекскалық Хесус Арриагимен (2-1, 1 КО) қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.