Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (12-0, 8КО) WBO рейтингінде жоғарылады.

WBA тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына кіретін айдос Ербосынұлы WBO рейтингісінде де өз жағдайын жақсартты. Титулды жекпе-жегінде жеңіске жеткен отандасымыз WBO тұжырымының жаңартылған рейтингінде 9 орыннан бір саты жоғары көтеріліп, 8 орынға жайғасты. Суперорта салмақта көшбасшы — британиялық боксшы Билли Джо Сондерс (28-0, 13КО).

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы Сиднейде жергілікті боксшы Рокки Джеркичпен (17-1, 13 КО) қолғап түйістіріп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті. Осылайша отандасымыз үш бірдей белбеуін (WBO — WBO Global, WBA International және WBC Asia Continental) қорғап қалды.