17 жастар автошабандоз Любовь Андреева «Формула-1» жарысына қатысуға үміткер, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жақын арада «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы мен Astana Motorsports командасының логотиптері «Формула-3» және «Формула-1» халықаралық жарыстарының тас жолдарында пайда болуы мүмкін. Спорт клубы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Формула-3» сериясының автожарыстарына Қазақстан атынан 17 жасар алматылық қатысады.