Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері бойынша Жасөспірімдер Олимпиядасының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ауыр атлетика федерациясының ресми сайты.

Жеңімпаздарға конфедерация құрған жекеменшік компаниялар қайырымдылығы есебінен ақшалай сыйлықты Астанада Garden Inn Astana қонақүйінде табыстау рәсімі өтті. Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының күрес түрлері бойынша ІІ жазғы Жасөспірімдер ойындарында алтын медаль иеленген спортшыларға 25 мың АҚШ доллары берілді. Күміс медаль иегеріне 15 мың доллар бұйырса, ал қола жүлдегерлер 10 мың долларды иеленді. Жас қазақстандық спортшылардан басқа ақшалай сыйлықты ҚР ҰҚК аға бапкерлері, жеке бапкерлер, құрама командалар мамандары алды.

Сонымен қатар, рәсімге конфедерация, федерация, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, белгілі қазақстандық спортшылар Арман Чилманов пен Нұржан Қатаев қатысты.