Мексикалық депутат Карлос Тревиньо «Керетаро» клубына жаңадан ауысқан бразилиялық футболшы Роналдиньоны маймылға теңеді.

«Мен әрқашанда сабырлы болуға тырысамын, бірақ футбол халықты ақымақ қылатыны үшін жек көремін. Әсіресе, жанкүйерлер футбол үшін көшелерде кептеліс жасайтыны қанымды қайнатады. Сол үшін мен үйіме екі сағат кешігіп келемін. Бәрі бір маймылды көру үшін барады. Бразилиялық маймылды. Бұның бәрі көзбояушылық», — деп жазыпты Тревиньо «Фейсбуктегі» парақшасына.