Ресейдің Якутск қаласында өткен студенттер арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Мәулен Өскенбек жүлдегерлер тұғырынан көрінді.

16 мемлекеттен 200-ден аса спортшы қатысқан жарыста Қазақстан құрамасының мүшесі Мәулен Өскенбек 64 келі салмақ дәрежесі бойынш финалға дейін шығып, ақтық сында өзбекстандық Шахрам Гиясовқа ұтылып қалды.