Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Соңғы күні греко-рим күресінен 59, 71 және 98 келі салмақта жүлделер ойнатылды.

Қазастан палуандары бұл күні жүлдесіз қалды. Ең үздік нәтижені Демеу Жадраев (71 кг) көрсетті. Ол ширек финалға дейін жетіп, армяндық Вашрам Боранянға есе жіберді. 

59 келіде Ербол Қоңыратов алғашқы айналымда-ақ кубиндік Исмаэль Барероға жол берді. 

 

Соңғы күндегі жүлделер төмендегідей орналасты: 

Күрестен әлем чемпионаты. Ташкент

Греко-рим күресі

59 кг

1. Хамид Мохаммад Сориан (Иран)

2. Мингиян Семенов (Ресей)

3. Эльмурат Тасмурадов (Өзбекстан)

3. Стиг-Андре Берге (Норвегия)

 

71 кг

1. Чингиз Лабазанов (Ресей)

2. Юнус Озель (Түркия)

3. Расул Чунаев (Әзірбайжан)

3. Афшим Бьябангард (Иран)

 

98 кг

1. Артур Алексанян (Армения)

2. Оливер Хасслер (Германия)

3. Дженк Ильдем (Турция)

3. Гасем Голамреза (Иран)