1-3 қазан аралығында «Алматы Арена» спорт кешенінде үстел теннисінен «Оңтүстік астана» деп аталатын ХХІ халықаралық турнир өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Турнирде Қазақстанның ұлттық құрамасы және жастар мен жасөспірімдер командалары қатысады. «Халықаралық турнир» мәртебесі бар болғандықтан, аталмыш жарысқа Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейдің белгілі теннисшілері келеді.