ФИФА басшылығы The Best FIFA Football Awards 2019 салтанатты шарасына Роналдудың келмегені үшін ашуланды, деп жазады Prosports.kz.

34 жастағы португалиялық гала-кешке келмей қалды. Marca басылымы Криштианудың бұл қылығы Джанни Инфантиноның қытығына тиді деп жазды.

Салтанатты шара өтіп жатқанда «Ювентус» шабуылшысы үйінде кітап оқып отырғаны туралы жазбаны Instagram желісіне жариялады.