Алматыда нысана көздеуден Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтіп жатыр.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Тапаншамен көздеуден әйелдер арасындағы бәсекеде шымкенттік Зәуреш Байбосынова топ жарды. Екінші орында қарағандылық Ольга Аксенова, үшінші сатыда алматылық Юля Абрамова.

Ерлер арасындағы сында Алматы қаласының өкілі Владимир Исаченко көш бастады. Елордалық Иван Литвиненко екінші, павлодарлық Максим Мазепа үшінші орында.