Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) Миланда жылдың үздік футболшыларын марапаттады. Ерлер арасында "The Best" сыйлығына Лионель Месси ие болды. Аргентина футбол жұлдызы әлемнің үздік ойыншысы атанғаннан соң, “Барселона” клубы ресми сайтында не үшін оның үздік фуболшы екендігін дәлелдейтін 17 себеп келтірді.

1. Ел чемпионаты мен Суперкубоктағы жеңісі

Өткен маусымда екі жарыста топ жарып, мансабындағы титулдардың санын 34-ке жетізі. Осылайша Лео "Барселонаның" тарихындағы үздік көрсеткішке ие болды.

2. Ла Лиганың үздік сұрмергені

Месси өткен маусымда Испания чемпионатында 34 матч өткізіп, 36 мәрте қарсыласының қақпасын дәл көздеген. Осының арқасында "Барселонаның" Ла Лигада 26-ші мәрте жеңімпаз атануына үлесін қосты. Оған қоса қатарынан үшінші рет чемпионаттың үздік сұрмергені атанып, "Алтын бутсының" санын алтауға жеткізді.

3. Еуропа "Алтын бутсының" иегері

Лео ел біріншілігінде сұрмерген болып, "Алтын бутсыны" жеңіп алды.

4. Чемпиондар Лигасының алтыншы мәрте үздік сұрмергені

Месси Чемпиондар Лигасының аясында өткізген 10 матчында 12 гол соққан.

5. "Барселонаның" сапында 600 гол соқты

Клуб тарихындағы үздік сұрмерген атанып қана қоймай, көрсеткішін жылдан жылға жақсартып келеді.