«Астананың» жартылай қорғаушысы Иван Майевский, «Қайрат» қорғаушысы Сергей Политевич және «Жетісу» намысын қорғайтын Никита Наумов Беларусь құрамасының кеңейтілген тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz Football.by сайтына сілтеме жасап.

Беларусь құрамасы қазан айында Еуро-2020 іріктеу додасы аясында Эстония мен Нидерланды құрамаларына қарсы кездесулер өткізеді.

C тобына өнер көрсететін Беларусь 3 ұпаймен 4-ші орынға жайғасқан.