Елордалық «Астана» өз алаңында шымкенттік «Ордабасы» қақпасына жауапсыз 5 гол соқты.

Матчтың 3-ші минутында Патрик Твумаси есепті ашып үлгерді, он минут өтісімен Фокси Кетевома есепті еселді. Ал бірінші таймның орта тұсында Таңат Нөсербаев қақпа маңындағы қарбаласта қақпашының қателігін сәтті пайдалынып кетті. Екінші таймда елорадылықтардың үшінші голын Твумаси 74-ші минутта соқты. Ал соңғы нүктені матч аяқталуына 6 минут қалғанда Фокси қойды.

Осылайша, елордалық «Астана» үш ұпай қанжағалап, турнир кестесінде 2-ші мен 3-ші орында «Ақтөбемен» бөлісіп тұр.

 

«Астана» (Астана) – «Ордабасы» (Шымкент) 5:0 (3:0)

Голдар: 1:0 – Твумаси (2), 2:0 – Фокси (13), 3:0 – Нөсербаев (34), 4:0 – Твумаси (74), 5:0 – Фокси (84).