Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Ухань турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Путинцева ресейлік Светлана Кузнецовамен бақ сынасты. 34 минутқа созылған матч 6:1, 1:0 есебімен ресейлік спортшының пайдасына шешілді.

Аталмыш турнирдің екінші айналымында Кузнецова даниялық Каролина Возняцки немесе тайбэйлік Се Шувэйдің біреуімен кортқа шығады.