Мысыр чемпионаты аясында «Пирамидс» пен «Энппи» командалары арасында өткен матчта қақпашы керемет сейв жасап, қақпасын голдан аман сақтап қалды.

31-ші минутта қақпашы қарсылас команданың алаңынан берілген пасты айып алаңының сыртында қайтарады, алайда екінші бір футболшы допты қайтадан қақпаға бағыттаған. Осы сәтте қақпашы бар күшімен қақпаға қарай жүгіріп, соңғы сәтте допты алаңның сыртына шығарып үлгерді.