Қазақстан чемпионатының 25-ші турындағы орталық матчта «Шахтер» мен «Ақтөбе» жеңімпазды анықтай алмады. 

Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойынның 90-минутында Марат Хайруллин Александр Мокин қақпасынан саңлау тауып, қонақтарға үш ұпай әкелуге жақын тұрған. Алайда көп ұзамай «Шахтер» жеңілістен аман қалды - Андрей Финонченко таразы басын теңестіріп кетті. 

Нәтижесінде қос команда да өзіне ауадай қажет үш ұпайдан айырылды. 

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 25-ші тур.

«Шахтер» - «Ақтөбе» - 0:0 (0:0)

Голдар: Финонченко 92 - Хайруллин 90

Алаңнан қуылды: Топчагич 87