Қазақстан чемпионатының 25-ші туры аясында талдықорғандының «Жетісуі» өз алаңында «Атырауды» тізе бүктірді.

Кездесу тағдырын Данилюктің жалғыз голы шешті. Матчтың 14-ші минутында Тарас Данилюк қақпа маңындағы қарбаласта қарсылас қақпашысын қара жерге қаратып кетті. 

Осылайша, 18 ұпаймен қос клуб екінші алтылықтың көшін бастады.

 

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 25-ші тур.

«Жетісу» (Талдықорған) - «Атырау» (Атырау) - 1:0 (1:0)

Гол: Данилюк 14