Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан чемпионатының 25-ші турында өз алаңында «Таразды» қапы қалдырды. 

Көбі аталмыш кездесу Вардан Минасян үшін соңғысы болмақ деп жорамалдаған, алайда алайда армениялық маман баптайтын команда қарсыластарын 3:0 есебімен тас-талқан етті. Нұрбол Жұмасқалиев, Йиржи Йеслинек және Ондрей Кушнир көзге түсті. Бір қызығы, 11-ші минутта Виталий Волков он бір метрлік айып добын орындай алмады. 

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 25-ші тур.

«Тобыл» - «Тараз» - 3:0 (1:0)

Голдар: Жұмасқалиев 8, Йеслинек 58, Кушнир 70