Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан Әлем чемпионаты мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан түрлі дәрежедегі алты медаль еншіледі.

Медальдық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орын алды. Бірінші орынға үш «алтын», бір «күміс» және бір «қоламен» - Өзбекстан, екінші орынға үш алтын және бір қола медальмен Ресей орналасты.

Турнирде Қазақстан сияқты бір алтын медальды кубалықтар да иеленді. Бұдан бөлек, олардың еншісінде бір күміс және бір қола жүлделер бар. Олар төртінші позицияға жайғасты.