«Зенит» пен «Романың» бұрынғы бапкері Лучано Спалетти Руда Гарсия мен римдік команданың спорт директоры Вальтер Сабатиниге ЦСКА-ға қарсы қалай ойнау керектігі туралы бір-екі кеңесін айтты.

Бұл туралы La Gazzetta dello Sport басылымы хабарлауда. Италия чемпионатындағы кезекті матчтан кейін Спалетти киім ауыстыратын бөлмеге барып, клубтың барлық ойыншысымен кездесті. Әсіресе Франческо Тотти мен Даниэле де Россимен ерекше амандасқан.

Естеріңізге сала кетсек, италиялық «Рома» УЕФА Чемпиондар лигасында мәскеулік ЦСКА-мен бір топқа түсті.